Найзағай ойнап, жауын жауады

1557

Еліміздің 5 облысы мен Шымкент қаласында дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Қазгидорметке сілтеме жасап.   

Найзағай ойнап, жауын жауады

30 сәуір - 01 мамырда Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі.  30 сәуір - 02 мамырда кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, 01-02 мамырда екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қ: күндіз 30 сәуір – тәулік бойы 01 мамырда кей уақытта найзағай, бұршақ болуы ықтимал. Күндіз 30 сәуір - 01 мамырда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

30 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Петропавл қ: күндіз 30 сәуірде батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

30 сәуірде Қостанай облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қостанай қ.: күндіз 30 сәуірде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

30 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.

Қызылорда қ.: 30 сәуірде түнде және таңертең найзағай күтіледі.

Түнде 30 сәуірде Ақмола облысында кей жерлерінде 3 градус үсік күтіледі.

30 сәуірде таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Шымкент қ.: 30 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 Түркістан қ.: 30 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу