"Қазгидромет" 18 қыркүйекке Қазақстанның бірқатар өңіріне дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астана мен Алматыда жоғары, Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15-20, күндіз кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетеді. Ақмола мен Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с болады.
Қарағанды, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарында жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады. Шығыс Қазақстанда түнде таулы аудандарда топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында жаңбыр, найзағай және кей жерлерде тұман болжанады. Маңғыстау мен Қызылордада желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Түркістан облысында шаңды дауыл, Жамбыл облысында таулы аудандарда 15-20 м/с жел күтіледі. Екі өңірде де төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында төтенше өрт қаупі, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Жетісу облысында Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде 18-21 қыркүйекте жоғары, ал солтүстік, оңтүстік, шығыс және орталық аудандарда төтенше өрт қаупі сақталады.