Атырау облысындағы "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватын дамытуға 2023-2027 жылдар аралығында шамамен 1 миллиард теңге қарастылған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Atyrau ONLINE Telegram арнасына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, 25 маусым күні әріптестерімен бірге Үкіметке "Ақжайық" резерватындағы ахуалға байланысты депутаттық сауал жолдаған, бірақ жауап әлі келмеген.
– Ақша бөліп, жоспар бекіту жеткіліксіз. Нақты нәтиже керек. Атырау тұрғындары жыл сайын түтін мен улы шығарындылардан зардап шегіп жатыр. "Ақжайықта" өрт жылда қайталанады, ал жауапты органдар бір-біріне сілтейді, – деді мәжілісмен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу