"Нақты шаралар мен әдіс-тәсілдер дайын емес": Президент министрліктің жұмысына тоқталды

428

Министрлік саланың даму бағдарын анықтап, инвесторларға жол көрсетуі керек. 

"Нақты шаралар мен әдіс-тәсілдер дайын емес": Президент министрліктің жұмысына тоқталды Фото: tengemonitor.kazgazeta.kz

"Еліміздегі өндірістің дамуына тың серпін беру қажет. Баршаға түсінікті және тиімді индустрия саясатын жүргізу үшін былтыр жеке министрлік құрылды. Содан бері біраз уақыт өтті, енді жұмыстың нәтижесін көрсету керек", - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев озық технологияны қолданатын жаңа өндірістер ашу қажет екенін айтты. Алайда, нақты шаралар мен әдіс-тәсілдер дайын емес деді.

"Өндірістің дамуына серпін беретін жобалардың тізімі бар, дегенмен, бұл жұмыс та толық аяқталмаған. Бұл өндірістер экономика құрылымын өзгертуге, еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалауға және технологиялық өсімді қамтамасыз етуге тиіс. Әзірге мұның ешқайсысы іске асқан жоқ.

Көптеген жобаны қаржыландыру көздері айқындалған жоқ. Мемлекет болашақта еліміздің экономикалық өркендеуіне негіз болатын ауқымды әрі инновациялық жобаларды бірінші кезекте қолдауы қажет. Осы тұста, жұмыс істеп тұрған өндірістерді  жаңғыртумен қатар, еліміз үшін мүлде жаңа өндіріс орындарын ашуға баса мән беру керек", - деді Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу