2018/19 маусымдағы УЕФА Суперкубогы мен қыздар арасындағы Чемпиондар лигасы Астана қаласында өтуі мүмкін. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Бұл екі бәсекені қабылдауға үміткер қалаларды тіркеу 27 қаңтарта аяқталды. Тізімде Астанадан бөлек, Тирана, Тулуза, Будапешт, Хайфа, Белфаст, Гданьск, Варшава, Глазго, Ыстанбұл қалалары бар.
Ал қыздар арасындағы Чемпиондар лигасының финалы Прага, Будапешт, Астана, Каунас, Глазго және Мадрид қалаларының бірінде өтеді.
Ал УЕФА басшылығы нақты шешімді қыркүйек айында қабылдайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу