Астанада мешітте телефон ұрлаған 36 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қалалық полиция қызметкерлері мешіт аумағында ұялы телефон ұрлады деген күдікпен 36 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.
"Алдын ала мәлімет бойынша күдікті мешітте түнеп жүрген. Сол сәтте мешітке келушілердің бірі намаз оқып жатқанын пайдаланып, жақын жерде тұрған барсетканың ішінен iPhone 13 маркалы ұялы телефонды байқатпай ұрлап кеткен. Кейін ол оқиға орнынан бой тасалаған. Бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктінің жеке басы анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ол елорда көшелерінің бірінде ұсталды", – деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаменті.
Ұрланған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.