Намаз үстінде көз жұмды

841

Намаз үстінде көз жұмды

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мешітінде дұға намазын оқып жатқан ер адам сәждеге бас қойған күйі көз жұмды. Бұл туралы Сауд Арабиясының бірқатар баспасөз құралдары жариялады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Сауд Арабиясының мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты "Аджил" газетінің хабарлауынша, қаза болған ер адамға мешіт күзетшілері алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметін шақырмақ болған. Алайда олар ажалға араша тұра алмады.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мешітінде сәждеге бас қойған күйі жан тәсілім еткен азаматтың суреті әлеуметтік желілерде тез таралып, аз уақытта миллиондаған жан көріп үлгерген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу