Намибия пілдерді жаппай сатуды жоспарлап отыр

511

Бұл елдің аумағында 22 мың піл тіршілік етеді.

Намибия пілдерді жаппай сатуды жоспарлап отыр

Намибия билігі пілдер санының көбеюіне байланысты оларды жаппай сатылымға шығармақ. Бұл туралы елдің қоршаған ортаны қорғау министрлігі хабарлады.

Қазір елді құрғақшылық әбігерге салып отыр. Оның кесірінен жануарлардың табиғи қорегі азайып, олар жергілікті шаруалардың егістерінде жайыла бастаған. Сондықтан жергілікті билік олардың санын қысқарту туралы шешім қабылдады.
Енді пілдерді сатып алу үшін 2021 жылдың 29 қаңтарына дейін өтінім беруге болады. Бірақ оларды аулау және тасымалдауға кететін шығынды сатып алушының өзі өтеуге тиіс.

Жалпы, Африкадағы пілдердің саны соңғы жылдары құрлықтың шығысы мен орталығында өршіген браконьерліктің салдарынан азайып барады. Бірақ оңтүстік жағында, керісінше, олардың қатары көбеюде. Ресми дерек бойынша, бүгінгі таңда Намибияда 22 мың, Замбияда 26 мың, Ботсванада 130 мың тіршілік етеді.

Табиғат Нұрболат

Фото: theguardian.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу