Нан бағасын тұрақтандыру үшін үкімет резервінен 2,6 млрд теңге бөлінеді

913

Нан бағасын тұрақтандыру үшін үкімет резервінен 2,6 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Atameken Business.  

Нан бағасын тұрақтандыру үшін үкімет резервінен 2,6 млрд теңге бөлінеді

Тиісті қаулы жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды. Онмен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады. Құжатта аталмыш қаржы наурыз бен тамыз айлары аралығында астықты ұн тарту кәсіпорындарына жеткізер кезде жол шығындарын өтеу үшін жұмсалады деп жазылған. Осы мақсатта ақша 8 облыс пен республикалық маңызы бар екі қаланың жергілікті атқарушы органдарына аударылмақ. Атап айтқанда: Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау мен Түркістан облыстары және Алматы мен Шымкентке. Әкімдіктер өз кезегінде қаражатты мақсатты үлестіріп, нан бағасын Үкімет белгілеген шекті бағадан төмен деңгейде ұстап тұру бойынша шаралар қабылдауы тиіс. Айта кетейін, қаулы жобасы қоғамдық талқылқылауда 22-ші сәуірге дейін ғана болады. Кейін құжатқа қол қойылып, ол сол күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу