Нан болса, жем де болады

754

Ақтөбелік жігіт нан қалдықтарынан малға жем әзірлеп жатыр. 

Нан болса, жем де болады Фото: inbusiness.kz

Ол үшін қаладағы көпқабатты үйлердің жанына арнайы бөшкелер орнатқан. Тұрғындар ас атасының қалдығын сонда тастауы тиіс.

- Қалада  қоқыс жәшіктерінің жанында төгіліп жатқан тамақты көргенде, ысырапшылыққа  жүрек ауырады. Ит-мысық жегеннен қалғаны кейде жол үстінде шашылып жатады. Соны ойлап, неге  қалдығынан малға жем әзірлемеске деген ой келді,- дейді Темірлан Махмедұлы.

26 жастағы қала тұрғыны арнайы мекемелерге хабарласып, ас қалдықтарын жинайтын бөшкелерін қоюға рұқсат алған. Қала бойынша әзірге 11  бөшкені орналастырыпты. Алдағы уақытта санын көбейтуді жоспарлап отыр. Бөшкенің сыйымдылығы – 200 литр. Ең бастысы – тұрғындар нан қалдықтарын өзге қоқыспен араластырмай, бөліп тастауы тиіс. Кейін бөшке толған соң, жұмысшылар жинап отырады. Темірлан әзірге   екі күнде бір рет шикізатты жинап отырғандарын айтты.

- Бөшкедегі нанды жинап алған соң, цехқа әкеліп кептіріп,  ұнтағыштан өткіземіз. Ұнтақ  жем ірі қара болсын, ұсақ малды семіртуге таптырмас өнім. Қазірдің өзінде өнімге сұраныс үлкен. Бір жағынан ас атасы ысырап болмай, қайта өңдеп кәдеге жаратқан дұрыс деп ойлаймын,- деді Темірдан Махмедұлы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу