Нан мен ет әлі де қымбаттайды

1539

Ұлттық банктің болжамы көңіл көншітпейді.

Нан мен ет әлі де қымбаттайды

Үкімет отырысында елдегі инфляцияның себептерін түсіндірген Ерболат Досаев Еуразиялық экономикалық одақта жаңа талаптардың енуі азық-түлік бағасын қымбаттатқанын мәлім етті.

"Азық-түлік тауарлары бір жылда 9,7%-ға қымбаттады. Нан-тоқаш өнімдері мен жарма бағасының 15,5%-ға, ет және ет өнімдерінің 13,4%-ға, балық пен теңіз өнімдерінің 12,2%-ға өсуі ерекше байқалады. Ақылы қызметтердің тарифтері жылдық көрсеткіш бойынша 0,6%-ға өсті. Халық кірісінің ұлғаюы аясында ішкі сұраныстың өсуі және фискалдық ынталандырудың сақталуы инфляцияның өсуі үшін негізгі тәуекелдер болып қалуда. Қысқа мерзімді кезеңде азық-түліктің кейбір түрлері, атап айтқанда дәнді-дақылдардың, сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде жаңа талаптардың енгізілуі сүт өнімдерін қымбаттатты. Оның әсерінен ет пен нан қымбаттауы мүмкін. Осы жылдың соңына дейін инфляция деңгейі 5,5-5,7% болады деп бағаланады", – деді Ұлттық банк басшысы.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу