Нан мен ұн бағасының өсуіне негіз жоқ – АШМ

15 қыркүйекке дейін азық-түлік келісімшарт корпорациясы бидай сатып алу бағасын жариялайды.

Нан мен ұн бағасының өсуіне негіз жоқ – АШМ Фото: inbusiness.kz

Еліміздегі құрғақшылыққа қарамастан, Қазақстанда ұн мен нан бағасының қымбаттауына негіз жоқ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Бізде нан екінші жыл қатарынан арзандады. Бидайдың құны, әрине, проблема екенін білесіздер. Бидай бағасын тұрақтандыру үшін барлығын жасап жатырмыз. 15 қыркүйекке дейін азық-түлік келісім шарт корпорациясы сатып алу бағасын жариялайды. Ұн, нан, нан өнімдері бағасының өсуіне алғышарттар жоқ. Жағдай тұрақты", – деді Қарашөкеев Үкімет отырысынан кейін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу