"Нан табу үшін темір саттым": Елдос Сметов балалық шағын есіне алды

524

Спортшымыз бүгінгі күніне шүкірлік етеді.

"Нан табу үшін темір саттым": Елдос Сметов балалық шағын есіне алды Фото: ortcom.kz

Париж Олимпиадасының чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов балалық шағындағы қиын сәттерін еске алды. Айтуынша, бүгінгідей жетістікке жетуіне сол жоқшылық заманның да әсері болса керек екен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Спортшымыз "Түнгі студия" бағдарламасына қонақ болып, бар сырын ақтарды.

"Біздің бала кезіміз қиын кезеңге тап келді. Көшеден темір жинап өткізетінбіз. Ата-анамыз жұмысқа кеткенде кейбір кезде үйде нан болмай қалып қарнымыз ашатын. Кейде ашпыз, кейде тоқпыз. 1998-1999 жылдары сондай қиын кезең еді. Қазіргі таңда Аллаға шүкір, әрқайсымыздың отбасымызда нанымыз бүтін. Дастарқанымызда түк жоқ деген күннің өзінде нан, шай, кәмпитіміз тұрады", – деді дзюдошы.

Сондай-ақ, анасы нан табу үшін біреудің үйін тазалағанын да айтып берді.

"Мен ата-анамның біз үшін қалай еңбек еткенін көрдім. Оның бәрі есімде.  Ауылда тұрдық, әкем қалаға кетіп, құрылыста жұмыс істеді. Анам үйде отырды. Бір тостақ ұн үшін біреудің үйін тазалаған сәттері болды. Оны өз көзіммен көріп өстім. "Мама, қарыным ашты, нан жегім келіп тұр" деген кезде анам балаларының бәрін құшақтап жылайтын. Мұның бәрі кеше болғандай көз алдымда тұр. Оны ұмытып кетсем, баршылыққа, атақ-абыройға мастанып кетсем ол менің надандығым болады деп ойлаймын. Бұл бір жағынан ата-анама жақсы өмір сыйлауға, жетістікке қол жеткізуіме, тоқтамай еңбек етуіме мотивация болды", – деді спортшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу