Владимир Путин Эммануэль Макронның Ресейді "Еуропаға қауіп" деп сипаттаған сөзіне жауап берді, деп жазады inbusiness.kz сайты Euronews басылымына сілтеме жасап.
Макронның аталған мәлімдемесін мазақ еткен Путин 1812 жылы Наполеон Бонапарттың Ресейді жаулап алмақ болғанын еске салып, оның сәтсіз аяқталған әрекетімен салыстырған.
Путин Макронның атын атамаған.
– Кейбіреулер әлі де тыныш отыра алмайды. Наполеон дәуіріне қайтып оралғысы келетіндер бар, бірақ оның қалай аяқталғанын ұмытып кеткендей, – деді ол.
Ол бұл сөзін бейсенбі күні Украинадағы соғыста қаза тапқан сарбаздардың аналары мен жесірлерімен кездесу барысында айтты.
Бұған дейін Макрон сәрсенбі күнгі телеүндеуінде Ресейді "Франция мен Еуропаға қауіп" деп атап, Еуропалық құрлықтағы одақтастарымызды қорғау мәселесінде ашық талқылауға шешім қабылдағанын мәлімдеген-ді.
Кейін Путин өз ұлтының мықты тұсын айтып мақтанды.
– Олар (Ресейдің қарсыластарын айтады) орыс халқының мінезін және жалпы ресейлік мәдениет өкілдерін дұрыс бағаламады, – деп атап өтті ол.