"АрселорМиттал Теміртау" кеншiлерiнiң мәселесi бойынша келiссөздер жүргiзiлiп жатыр. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдiң айтуынша, қазiр наразылықшарасына шыққан кеншiлер саны 600-ден асып отыр.
"АрселлорМиттал Темiртау" мәселесi жөнiнде айтсақ, қазiр 8 шахтадан жұмыскерлердiң 32 өкiлi, белсендiлерi жұмыс берушiмен кездесiп, келiссөздер жүргiзiліп жатыр. Олардың негiзгi талабы - еңбекақыны 100 пайызға дейiн көтеру. Қазiр АрселлорМиттал шахталарында iстеп жатқан азаматтардың еңбекақысының ең төменгi мөлшерi - 208 мың теңге, ал жоғары мөлшерi 326 мың теңге көлемiнде" - деді Тамара Дүйсенова.
Сонымен қатар кеншілердің басқа да талаптары бар.
"Екiншi талап - еңбекке жарамсыз болған уақытта аурухана парағын 100 пайызға дейiн уақытында төлеу мәселесi. Одан басқа, еңбекақыға байланысты тағы да бiраз тарифтер жөнiндегi мәселелер мен зейнетақы жасы мәселесi бар. Содан кейiн кеншiлердiң "Шахтер" деген сауықтыру кешенiн қайтару жағы қаралуда. Бүгiн таңғы тоғызда жұмыс берушi мен жұмыскерлер арасында келiссөздер басталды. Қарағанды облысының әкiмшiлiгi, еңбек инспекциясы мен басқа да құқық қорғау органдарының барлығы сонда. Қажеттi мониторинг жасалып жатыр" - деп атап өтті министр.
Оған қоса, Дүйсенова келіссөздер бiткеннен кейiн олардың қандай келiсiмге келгенi жөнiнде қосымша ақпарат беремiз деп уәде берді.
Еске сала кетейік, Қарағандыда "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына тиесілі шахтаның кеншілері 10 желтоқсан күні түнгі ауысымнан кейін жер үстіне көтерілмеген.