Елімізде нәресте ауруын ерте анықтау бағдарламасы бойынша жүздеген мың бала тексерілді

618

Биыл алғашқы алты айда 157 870 нәресте неонаталдық скринингпен қамтылды.

Елімізде нәресте ауруын ерте анықтау бағдарламасы бойынша жүздеген мың бала тексерілді

Нәтижесінде фенилкетонуриямен, туа біткен гипотиреозбен балалар анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Аудиологиялық скринингпен 1,2 млн-нан астам бала қамтылды. Түрлі дәрежедегі құлақ мүкістігі бар, әрі қарай емдеуге және түзетуге бағытталған балалар анықталды.

1 млн-ға жуық бала ерте жастағы балаларды скринингтік аттестаттауға, балалардың көру және есту функцияларын бағалауға, коммуникацияның бұзылуына бағытталған ерте жастағы балалардың психофизикалық даму скринингімен қамтылды.

Балалардың 1,4%-да психофизикалық дамудың бұзылулары анықталды. Анықталған балалардың 48,5%-ы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу