Бала туған кезде автоматты түрде балабақша кезегіне қойылатын болады, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Қазақстандағы барлық балабақша кезектері біріктіріледі. Келесі жылдан бастап баланы туыла сала тіркеп, одан кейін жәрдемақы алу үшін, сондай-ақ балабақшаға кезекке тұру үшін ата-анаға мемлекеттік органдар мен халыққа қызмет көрсету орталығына сабылудың қажеті болмайды. Баланың тууы туралы ақпарат денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне бірден түседі. Ал министрлік баланың дүниеге келуімен құттықтап, ата-ананың баласының аты-жөнін білетін болады.
Осылайша, баланың тууы туралы ақпарат жәрдемақы және балабақшаға кезекке тұру үшін автоматты түрде тиісті органдарға түсетін болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу