Нархоз университетінің ғимаратын америкалық маман салады

949

Келіссөздер Сербия астанасында өтті.

Нархоз университетінің ғимаратын америкалық маман салады

Белградта "Нархоз" университетінің оқу корпустарының ескісін реконструкциялауды және жаңаларын салуды талқылау бойынша жұмыс кездесуі өткізілді.

Жиынға жобаның авторы, америкалық сәулетші-дизайнер Генри Майберг (Henry Myerberg), белградтық "Energoprojekt Visokogradnya" жобалау компаниясының өкілдері, сондай-ақ "ҚазҚСҒЗИ" АҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Ералы Шоқбаров, Темірбетон конструкциялары зертханасының меңгерушісі Алий Беспаев және сектор меңгерушісі Ұлан Құралов қатысты.

Шетелдіктермен бірге, оқу корпустарын тұрғызуға отандық "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты" (ҚазҚСҒЗИ) де қатыспақ.

ҚазҚСҒЗИ аталған университеттің жаңа корпусының құрылысы үшін арнайы техникалық шарттар әзірлейді деп жоспарланып отыр. Ол құжат ғимараттардың қауіпсіздігі мен сейсмикалық төзімділігі саласындағы қосымша талаптарды қамтымақ.

Қазіргі уақытта ҚазҚСҒЗИ және "Нархоз" университеті арасында келісімшарт алдындағы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жанат Ардақ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу