Нариман Әбілшайықов: Іскер ханымдарымыз бизнестің жаңа түрін тез игереді

1088

2022 жылғы 27-28 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында, еліміздің 17 өңірінен келген Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарының кеңес беруші және тәлімгерлік қызметін көрсетуші мамандарға арнайы оқыту курстары өтуде. 

Нариман Әбілшайықов: Іскер ханымдарымыз бизнестің жаңа түрін тез игереді

Әйелдердің құқықтары мен экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту еліміздің 2030 жылға дейінгі Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында да, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарында да ерекше назарға алынған басымдықтың бірі.  

Осыған орай, 2021 жылғы 15 қарашадан бастап "Ынтымақтастық қоры" аясында, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және "Атамекен" ҰКП бірлесіп, еліміздің барлық өңірінде Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарының ашылуына септігін тигізген. Бұл бастама Азия Даму Банкінің және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы  қаражаты есебінен қаржыландырылады, ал "Атамекен" ҚР ҰКП бұл бастаманы жүзеге асыруда.

Аталған орталықтардың қызметі "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің (Кеңес 2015 жылы құрылған) қағидасына негізделіп құрылған. Оған Кеңестің қыз-келіншектердің кәсіптегі бастамаларын дамытуда барынша өзара көмектесу сынды ұстанымы негіз болып отыр. Өңірлік Іскер әйелдер кеңестерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, кәсіпті енді қолға алған қыз-келіншектерге өңірдегі тәжірибелі іскер ханымдар үнемі қолдау көрсетуде.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарында қызметтің 7 түрі ұсынылады: кеңес беру,  өзекті мәселелерді және әйелдердің қажеттілігін анықтау, кәсіби дағдыларды дамытуға арналған оқыту қызметтері, кооперация, әлеуметтік кәсіпкерлік және инвестиция тарту, бизнесті бағалау және тәлімгерлік, әйелдерге әртүрлі жобаларға қатыса алатыны жайлы ақпарат ұсыну, керек-жабдықтарды шығарушы компаниялардан кеңес алуды ұйымдастыру сынды бағыттар қарастырылған. 

Аз уақыттың ішінде бұл Орталықтар 1300-ден астам қыз-келіншекке, олардың 43%-ы әлеуметтік жағынан көмекке мұқтаж топтардан, өз қызметін ұсынып үлгерген. Қазіргі уақытта Орталыққа хабарласқан әйелдерді оқытудың ұтымды механизмдері пысықталып жатыр.

Жобаның тиімділігін арттыру және Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары мамандарының қызмет көрсету сапасын күшейту  мақсатында кеңес ұсынушы және тәлімгерлік көрсететін мамандарға 2022 жылғы 27-28 сәуір аралығында арнайы оқыту курстары ұйымдастырылып отыр.

Орталықтарда көрсетілетін қызмет түрлерінің маңыздылығын барынша түсіну үшін кеңес беруші және тәлімгерлік көрсететін мамандар әйелдер кәсіпкерлігінің гендерлік аспектілері, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың негіздері, үнемді технологиялар негіздері, краудфандинг и краудинвестинг негіздері бойынша егжей-тегжейлі білімін шыңдамақ. Сонымен қатар тренинг барысында Орталықтың қызметін әлеуметтік желілерде ақпараттық сүйемелдеу жұмыстарын ұтымды жүргізе білу және өз өңірінде әйелдер қауымдастығын құра білу әдістері жайлы пікір алмасады. 

Онымен қоса, екі күндік тренингте Орталық мамандарына "БҰҰ-Әйелдер" Құрылымының жаһандық принциптері жайлы кеңінен ақпарат ұсынылады. Атап өтейік, Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарының мамандарына оқыту курсын ұйымдастыру "БҰҰ-Әйелдер" Құрылымының қаржылай қолдауы арқылы іске асып отыр.

"Бүгінде кәсіпкерлік саласының алдында сын-қатер көп. Десе де, әйелдер кәсіпкерлігінің еліміздегі кәсіпкерліктің және ел экономикасының дамуына қосып отырған үлесі зор, қаншама жұмыс орындарының ашылуына түрткі болуда. Атап өтейін, іскер ханымдарымыз кез келген өзгерістерге тез икемделеді, бизнестің жаңа түрін тез игереді және де өз біліктілігін арттыруға әрдайым ынталы. Орталықтардың жұмысы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін одан әрі дамытуға септігін тигізеді деген үмітіміз бар", - деді "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нариман Әбілшайықов.

Қосымша сұрақтарыңыз болса, келесі байланыс мәліметтері арқылы хабарласыңыз: +7 775 600 7713 Нұргүл Мұсабекова, +77057419069 Әйгерім Тарбағатаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу