Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Париж олимпиадасынан жеңіспен орлған спортшыларды марапаттады. Бірақ спорт саңлақтарының арасында Нариман Құрбанов көрінбеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Марапаттау кезінде спорттық гимнастикадан қоржынымызға тарихи медальді салған Нариман Құрбанов көрінбеді. Осы орайда ҚР Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің басшысы Аян Төлегеннің Taspanews.kz -ке берген жауабында Нариманның бұл салтанатты іс-шараға денсаулығына байланысты қатыспағаны айтылған. Ол ауырып қалған. Бірақ, нақты не ауру екені айтылмады.
Президенттің қолынан марапат алғандар қатарында Париж олимпиадасының күміс жүлдегерінің әкесі әрі бапкері Хусанжан Құрбанов болды. Оған "Парасат" ордені берілді.