Нариман Құрбанов әлем чемпионатында алғашқы төртікке енді

615

Жапонияның Китакушу қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем чемпионатында гимнастикалық ат снарядындағы финалдық сын аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.   

Нариман Құрбанов әлем чемпионатында алғашқы төртікке енді

Бұл жаттығу бойынша қазақстандық Нариман Курбанов финалға шыққан болатын. Ақтық сында Нариман 14,766 ұпай жинап, әлем чемпионатын төртінші орынмен тәмамдады. 

2019 жылы Штутгартта (Германия) өткен әлем біріншілігінде Нариман бесінші орынға табан тіреген болатын. 

Гимнастикалық ат снаряды бойынша америкалық Штефан Недарашик әлем чемпионы атанды. Күміс және қола жүлдені тиісінше Қытай және Жапония спортшылары жеңіп алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу