Нариман Құрбанов қашан үйленетінін айтты

1463

Ол үйлену тойын қыркүйекке жоспарлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нариман Құрбанов қашан үйленетінін айтты Фото: smi24.kz

Нариман Құрбанов гимнаст Аида Бауыржановамен отау құрмақ.

"Қыркүйек – бір-бірімізге көбірек көңіл бөліп, өміріміздің жаңа тарауын бастайтын уақыт", – деді спортшы.

Нариман Аидамен қарым-қатынасы 2018 жылы жаттығу кезінде басталғанын айтты. Содан бері бір-бірінен ажырамай, спорт шыңдарын бірге бағындырып жүрген.

"Аида екеуміз 2018 жылы таныстық, содан бері ажырамадық. Менің сүйіктім Аида да гимнаст, біз бірге спорт әлемінде шыңдарды бағындырамыз", – деді гимнаст.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу