Нариман Курбановқа Халықаралық федерацияның төсбелгісі табысталды

530

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Нариман Курбанов әлемдік деңгейдегі спортшы деп танылды.

Нариман Курбановқа Халықаралық федерацияның төсбелгісі табысталды

Алматыда өткен спорттық гимнастикадан Қазақстан кубогі додасында Курбановқа Халықаралық спорттық гимнастика федерациясының арнайы сертификаты мен төсбелгісі табысталды, деп хабарлайды olympic.kz. 

Халықаралық спорттық гимнастика федерациясы Курбановты әлемдік деңгейдегі спортшы деп таныды. 

Айта кетелік, Нариман ат снарядындағы жаттығу бойынша әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы әрі жүлдегері атанған. Әлем чемпионатында үздік бестік қатарына енген қазақстандық гимнаст саналады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу