Нартай Аралбай бюджеттен шетелдік спортшыларға ақша бөлінбейтінін айтып, сүйінші сұрады

325

Ол адам естімеген спорт түрлеріне ақша беріп келген министрліктің шешімі тоқтатылып, 180 спорт түрі қысқартылатынын атап өтті.

Нартай Аралбай бюджеттен шетелдік спортшыларға ақша бөлінбейтінін айтып, сүйінші сұрады Фото: Бейнежазбадан

Мәжіліс депутаты легионерлерге 1 тиын бермейтін заң жобасын Үкімет қолдағанын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының 49 бабы:

Бірінші бөлігі: "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды жүзеге асыруға тыйым салынады";

Екінші бөлігі: "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді", – деді ол.

Сонымен қатар, 49-баптың 6-тармағына (Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру) сәйкес жазылады.

"Онда Бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: жоғары жетістіктер спорты, оның ішінде спорттың басым түрлері; мемлекеттік спорт ұйымдарының жұмыс істеуі; бұқаралық спорт; спорттық инфрақұрылымды дамыту", – деп жазды депутат желідегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу