Нарықтағы белгісіздік жағдайында халықты үрейленбеуге шақырамыз – Ұлттық банк

2051

Оның пікірінше, теңгенің серпіні рубльдің жай-күйіне байланысты емес.

Нарықтағы белгісіздік жағдайында халықты үрейленбеуге шақырамыз – Ұлттық банк

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова доллардың қымбаттап, теңгенің құнсыздануы байланысты қазақстандықтарға кеңес берді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы бас банк сайтына сілтеме жасап.

"Бүгінде шетел валютасына сұраныс көлемі іргелі факторлардың әсерімен емес, белгісіздік жағдайында халық пен бизнестің алаңдаушылығымен анықталады. Қазақстанның экспорты мен саудасына санкциялардың жоқтығын назарға ала отырып, нарық қатысушыларының мұндай қауіптері шамадан тыс болып саналады.

Ресей рублінің бағамы нарық әсерінде және тәуекел-сентименттің өзгеру ықпалында болып, іргелі факторларды көрсетпейді. Сондықтан теңгенің серпіні рубльдің жай-күйіне байланысты болмайды және бұл жағдайдың орын алуы негізді.

Нарықтағы белгісіздік жағдайында біз орынсыз үрейленбеуге және шетел валютасын сатып алуда саралы шешім қабылдауға кеңес береміз. Ұлттық Банк нақты уақыт режимінде әлемдегі жағдайды қадағалап отырады және жағымсыз сценарийлер іске асырылған жағдайда ішкі қаржы нарығындағы тұрақсыздықтың алдын алу үшін барлық қажетті құралдарға ие боп қалады", – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу