NASA 2030 жылдарға қарай Айда астронавтардың ұзақ уақыт өмір сүруіне арналған тұрақты тұрғын модульдер құруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Америкалық ғарыш агенттігінің жаңартылған жоспарына сәйкес, 2029 жылдан бастап 2030 жылдың басында болашақ базаның тұрақты инфрақұрылымы, соның ішінде энергиямен қамтамасыз ету жүйелері салына бастайды. Осы уақытқа дейін техника мен жабдықтардың бір бөлігі қону модульдері арқылы Айға жеткізіледі.
2027 жылы Artemis III пилоттық миссиясын өткізу жоспарланып отыр. NASA Ай базасына арналған қону модульдерін, луноходтар мен дрондарды әзірлеу үшін АҚШ-тың төрт компаниясымен жүздеген миллион долларлық келісімшарт жасағанын хабарлады.