NASA Айды айналып ұшатын төрт экспедиция мүшесін таныстырды

455

Айға алғаш рет әйел адам ұшады. 

NASA Айды айналып ұшатын төрт экспедиция мүшесін таныстырды Фото: www.bbc.com

Кристина Кох - алғашқы астронавт әйел, ал Виктор Гловер Айға ұшуға қатысқан алғашқы афроамерикалық болмақ. Олардан басқа экипаж құрамында Рид Уайзман мен Джереми Хансен бар. Айға ұшу 2024 жылдың соңы немесе 2025 жылдың басына жоспарланған.

Бұл жолы олар Айға қонбайды, бірақ бұл келесі экипаждың қонуына мүмкіндік жасамақ.

Экипаж құрамындағы АҚШ-тың үш азаматы мен Канада азаматы Хьюстондағы салтанатты рәсімде көпшілікке таныстырылды. NASA ғарыш экипажы құрамына америкалық қоғамның түрлі әлеуметтік және этникалық топтарының өкілдерін енгізу туралы уәдесін орындағанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу