НАСА ғарышкерлері ХҒС бортынан Қазақстанды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

НАСА ғарышкерлері ХҒС бортынан Қазақстанды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

08 Желтоқсан 2016 10:56 871

НАСА ғарышкерлері ХҒС бортынан Қазақстанды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

НАСА ғарышкерлері Шейн Кимброу мен Пегги Уитсон ғарыш орбитасынан Қазақстан Тәуелсіздігінің  25 жылдығымен және екі ел арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Алматыдағы АҚШ консулдығы.
Бейсенбі күні таратылған ақпаратқа сәйкес, 3 желтоқсанда, ХҒС бортында бортинженер П.Уитсон  АҚШ пен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастар орнауының мерейтойына арналған «25 жыл біргеміз» ұранын көтерді.

Дәл сол күні командир Ш.Кимброу қолына #USKZ25 хэштегін бейнелеп түскен суретін жариялады. Аталмыш хэштег 2016 жыл бойы 2 мыңнан артық пайдаланылған. Оған себеп – қазақстандықтар мен америкалықтар екіжақты достық қатынастардың 25 жылдың атап өтуде.
Қазақстандағы АҚШ-тың дипломатиялық миссиясы  екіжақты қатынастардың орнауына жоғары бағалап, екі ел үкіметтері арасындағы ғарышты игеру, ғылым мен технология,  энергетика және басқа да салалардағы жалғасып келе жатқан ынтымақтастықты қолдайды, деп атап өтілген хабарламада.

16183

Ұқсас материалдар:

aziya-elderi-bilim-salasynda-aldyngy-orynga-shykty

«ekibastuz-shulbi-ses-oskemen»-zhelisinin-zhana-boligi-is

sergej-kulagin-stepnyak-kalasynda-zhana-turgyn-uj-kolemin-u

rudnyjda-kasiporyn-kazandygynda-bolgan-apattan-eki-adam-koz

astana-kokshetau-bagytyndagy-zholdar-zhabyldy

загрузка

×