NASA мамандары америкалық ғарышкерді ХҒС-дан қарсы алу үшін Қазақстанға келеді

1243

АҚШ астронавты жерге 30 наурызда оралады деп жоспарланып отыр.

NASA мамандары америкалық ғарышкерді ХҒС-дан қарсы алу үшін Қазақстанға келеді

NASA мамандары америкалық астронавт Марк Ванде Хаймен кездесу үшін Қазақстанға келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

NASA бағдарламасының жетекшісі Кэти Людерстің айтуынша, АҚШ ғарышкері 30 наурызда "Союз МС-19" ғарыш кемесіндегі екі ресейлік ғарышкермен бірге Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) жерге оралады.

"Мамандар Маркты қарсы алу үшін қону алаңына ("Союз" ғарыш кемесі) барады. Олар 30 наурызда жерге қонады деп жоспарланып отыр. Барлығы штаттық түрде өтіп жатыр", - деді Кэти Людерс.

Марк Ван де Хай жерге аман-есен оралса, ол америкалық ғарышкерлер арасында жаңа рекорд орнатады. Егер қону 30 наурызда болса, онда жаңа рекорд 355 күн болады. 

"Роскосмос" мәліметінше, "Союз МС-19" кемесі жерге 30 наурызда Мәскеу уақыты бойынша 14:28-де қонады деп жоспарланып отыр. Ғарыш кемесінде ресейлік ғарышкерлер Антон Шкаплеров пен Петр Дубров, NASA астронавты Марк Ванде Хай бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу