Бұл туралы Украинаның АҚШ-тағы елшісі Оксана Макарова өзінің Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Тағы бір керемет жаңалық. Бүгін Вашингтонда NASA штаб-пәтерінде NASA мен Украинаның мемлекеттік ғарыш агенттігі арасында бірлескен мәлімдемеге қол қою рәсімі өтті", - делінген хабарламада.
Дипломаттың айтуынша, NASA әкімшісі Билл Нельсон мен Украина МГА төрағасының орынбасары Владимир Михеев экономика министрінің орынбасары Игорь Фоменкомен бірге елдің зымыран-ғарыш саласы үшін жаңа мүмкіндіктерге және Украина мен АҚШ арасындағы бейбіт ғарыш, байланыс әрі бағдар, сондай-ақ Халықаралық ғарыш станциясының жобалары мен басқа да салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге тағы бір қадам жасады.