NASA "Роскосмоспен" байланыс үзгісі келмейді

690

АҚШ-тың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) "Роскосмоспен" жалғасып жатқан кәсіби қарым-қатынасты жоғары бағалайды. Бұл туралы дүйсенбіде NASA басқаратын ұшу бағдарламасының жетекшісі Кэти Людерс Агенттіктің сайтында таратылатын баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

NASA "Роскосмоспен" байланыс үзгісі келмейді

"Біз ресейлік әріптестермен кәсіби қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз", – деді ол Crew-5 миссиясының аясында Crew Dragon кемесінің ұшырылуы алдындағы баспасөз мәслихатында.

Бұл кемеде ресейлік ғарышкер Анна Кикина NASA мен “Роскосмос” арасындағы ұшу бағдарламасы аясында ХҒС-ға барады. Людерстің айтуынша, NASA "қиын геосаяси жағдайға қарамастан, біздің қарым-қатынасымыздағы тұрақтылықты шынымен бағалайды".

NASA өкілдері "Роскосмос" ортақ ұшу бағдарламаларын қолдауды жалғастырады деп үміттенеді, деді ХҒС американдық бағдарламасының жетекшісі Джоэль Монталбано баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, NASA өкілдері 3 қазанға жоспарланған Crew Dragon кемесін ұшыруға дайындық кезінде Роскосмостың бас директоры Юрий Борисовпен келісуге мүмкіндік алды.

Монталбано Ресей мемлекеттік корпорациясының басшысы "Роскосмостың" барлық халықаралық міндеттемелерін орындауға", сондай-ақ "ортақ ұшу бағдарламаларын қолдауға дайын" екенін хабарлағанын жеткізді.

"Жалпы Роскосмос осы миссияға дайындық барысында үлкен қолдау көрсетті. Алдағы уақытта да ресейлік әріптестерден қолдау күтеміз", – деп қорытындылады ХҒС американдық бағдарламасының жетекшісі.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу