НАСА телескобы Жерге ұқсас планеталарды іздейтін болады

1239

Бағасы 7 млрд доллар.

НАСА телескобы Жерге ұқсас планеталарды іздейтін болады

НАСА-ның HabEx деп аталатын жаңа телескобы Жер сияқты планеталарды іздейтін болады. Бұл жобаға шамамен 7 млрд доллардай бөлінген.

Планетамызға төніп тұрған экологиялық апаттар мен халық санының өсуіне байланысты болашақта адамзатқа "резервтік планета" қажет болуы мүмкін. Осы орайда НАСА аспан денелерін іздеуге арналған Habitable Exoplanet Observatory телескобын ұсынды.

 "Біздің мақсат – адам өміріне қолайлы планетаны табу. Біз бұған дейін бірнеше планетаны байқаған едік, бірақ олардың бірінде де өмір сүруге қажетті элементтер болмады. Дегенмен біз жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз ", – деді НАСА өкілі әрі Огайо штатындағы Университеттің ғылыми қызметкері Скотт Гауди.

HabEx "Хаббл" телескобына ұқсас, бірақ оның ұзындығы 4 метр, ені 2,4 метр болатын айнасы бар. Сонымен қатар ол ені 52 метрлік дискпен жабдықталған. Аппарат іске қосылған кезде диск спираль тәрізді пішінге енеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу