NASA Түрікменстанда метанның ең ірі ошағын анықтады

832

Төгілген метанның аумағы 32 шақырымға жеткен. 

NASA Түрікменстанда метанның ең ірі ошағын анықтады Фото: nasa.gov

NASA-ның атмосфералық шаңды өлшейтін жаңа миссиясы картада бүкіл планетаны жайлаған 50-ден астам метан ошақтарын көрсетті. Метанның ең ірі көлемі Түрікменстанда төгілген, деп хабарлайды NASA сайты.

Хазар қаласының шығысындағы Түрікменстанда арнайы құрылғының көмегімен 32 шақырымнан астам қашықтыққа созылған 12 метан ошағы табылды.

"Түрікменстандағы метанның сыртқа төгілу жылдамдығы 2015 жылы сағатына 50 кг құраған Алисо каньонындағы газдың атмосфераға шығу жылдамдығымен теңбе-тең. Лос-Анджелес аймағындағы апат АҚШ тарихындағы метанның ең үлкен көлемі болып тіркелді", - делінген хабарламада.

Метанның төгілу ошақтарын анықтау ғаламдық жылынумен күресудегі маңызды қадам болуы мүмкін, дейді ғалымдар. Ірі ошақтар орналасқан жерін біле отырып, нысандардың, жабдықтар мен инфрақұрылымның операторлары дереу газдың таралуын шектей алады.

2022 жылдың ақпанында Bloomberg басылымы Каспий теңізінің жағасында Түрікменстанда орналасқан мұнай-газ кен орындарында метан ошағының 29 көзі табылғанын хабарлады. Бұл кен орындарын "Түрікменгаз" бен "Түрікменнефть" Мемлекеттік компаниялары игеріп жатқаны хабарланды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу