"Насыбай" операциясы ай соңына дейін жалғасады

378

Астанада вейп пен насыбай саудасының жолын кесу үшін рейдтер жалғасып жатыр.   

"Насыбай" операциясы ай соңына дейін жалғасады Фото: gov.kz

Полиция мен әкімдік өкілдерінен құралған топ ай соңына дейін күшейтілген тексеріс жүргізеді. Есіл ауданының өзінен 80-ге жуық шағын және орта бизнес нысандары тексерілді. Анықталған 10 фактінің жетеуі насыбайға қатысты болып шықты. 20 келісі тәркіленді. Сондай-ақ, саудагерлердің кәмелетке толмаған 3 балаға вейп сатқаны анықталған. Оларға әкімшілік хаттама толтырылып, 92 300 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Рейд қала шетіндегі 15 мың халқы бар "Пригородный" тұрғын алабында да жалғасты. Елді мекендегі 15 дүкеннің бәрін араладық. Алайда, ешқайсысы насыбай сатпады. Сатушылар: "50-100 теңге тұратын насыбай үшін 100 мың теңге айппұл төлейтін шамамыз жоқ", - дейді. Сондықтан тыйым қойылғаннан сәттен-ақ дүкен сөрелерінен алып тастаған.

РОЗА БЕКІШЕВА, "ОТБАСЫЛЫҚ ТАБЫС ОРТАЛЫҒЫ" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қазір ол сөрелерде тұрмайды. Бірақ, жастар оның қалай және қайда сатылатынын біледі. Ата-аналар келіп, баласы насыбайсыз өмір сүре алмайтынын айтқан кездер болды. Ең қиыны - адамда тәуілділік пайда болады. Үнемі соған тартылып тұрады. Бұл әрине, отбасы үшін қаржылық салмақ, психологиялық соққы.

Насыбай атып, вейп шегетіндердің 70 пайызы - жасөсіпірімдер. Сондықтан инспектор басты фокусты балаларға қойып отырғанын айтты.

НАРИМАН ОРМАНБАЕВ, ЕСІЛ АУДАНЫ ПРИГОРОДНЫЙ ТҰРҒЫН ҮЙ АЛАБЫНЫҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ:

Біздің Пригородный елді мекенінде №24 орта мектебі бар. Сонда оқушыларды акт залына жинаймыз. Кейде ата-аналар да келеді. Вейп, насыбай, темекі шегудің денсаулыққа зиян екенін түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіледі.

Ал полиция қызметкерлері тұрақты түрде дүкендерді аралайды. Насыбай сатудың заңға қайшы екенін түсіндіріп, профилактикалық шаралар жүргізеді.

ШУ: Рейд жүргізу сәтінен

Айта кетейік, 18 наурыздан бері елорданың 5 ауданында 500-ден астам сауда орны тексерілді. Насыбай мен вейп сатудың 70-ке жуық фактісі тіркелді. Тексеру жұмыстары әрі қарай да жалғаспақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу