"Насыбай таратқаны үшін заң жүзінде белгіленген жауапкершілік тым төмен..."

1198

Денсаулыққа зиян әрі ұят әдеттің бірі – насыбай ату. 

"Насыбай таратқаны үшін заң жүзінде белгіленген жауапкершілік тым төмен..." Фото: gov.kz

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Денсаулыққа зиян әрі ұят әдеттің бірі – насыбай ату. Оның қалай жасалатыны белгілі. Ешқандай санитарлық талап сақталмайды. Құрамында түрлі дертті, оның ішінде онкологиялық ауруларды қоздыратын заттар бар. Насыбайды өндіруге және таратуға 2015 жылы тыйым салынған. Бірақ әлі күнге дейін көшеде, тіпті азық-түлік дүкендерінде ашық сатылып жатыр. Құқық қорғау мекемелері ешқандай шара қолданып жатқан жоқ", - деді Президент. 

Мемлекет басшысы қазір жоғары технология мен жасанды интеллект қарқынды дамыған заман екенін тілге тиек етті. 

"Жағымсыз қылықты ата дәстүрі санайды. Шын мәнінде, бұл барып тұрған мәдениетсіздік. Оны тоқтату керек. Жалпы насыбай өндіріп, таратқаны үшін заң жүзінде белгіленген жауапкершілік тым төмен. Қазір осыған қатысты заңдарға түзету енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Онда вейп қана емес, насыбай таратқан үшін де қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген. Бұл қадам насыбайға толық тыйым салуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Тоқаев.

Айта кету керек, осыған дейін депутаттар мектеп оқушыларының еш кедергісіз насыбай атып жүргенін айтып, мәселе көтергенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу