Наталья Звягинцева Азия пара ойындарында эстафетада қола жүлдеге ие болды

350

Бұл Азия пара ойындарында қарағандылық спортшылар жеңіп алған үшінші қола медаль. 

 Наталья Звягинцева Азия пара ойындарында эстафетада қола жүлдеге ие болды Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағандылық жүзуші Наталья Звягинцева Азия пара ойындарында эстафетада қола жүлдеге ие болды.

Алдымен Наталья Звягинцева финалда 200 метр (кешен) жүзді. Сегізінші орында болды. Содан кейін 50 метр баттерфляй – тағы сегізінші. Қорытынды эстафетада 4х50 метрлік кешенді жүзу керек болды. 30 қарашада 47 жасқа толатын Звягинцев Айсұлтан Құлқаев (Шымкент), Сиязбек Далиев (Астана), Зульфия Ғабидуллинадан (Жамбыл) құралған командасын жерге қарата алмады. Қазақстан төрттігі барын салып, нәтижесінде Қытай мен Жапониядан кейін тұғырға көтеріліп, қола медаль жеңіп алды.

  • Наталья Звягинцева – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, І топтағы мүгедек. Облыстық мүгедектік спорт мектебіне 2003 жылы қабылданды. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық турнирлердің, Дүниежүзілік ойындардың жеңімпазы (2013, 2022 жж.). Екі дүркін әлем чемпионы, Әлем кубогының жүлдегері.

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Наталья Манохинаның жетекшілігімен жаттығады, оның алғашқы тәлімгері – Анатолий Константинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу