National Geographic Оңтүстік мұхитты әлемнің бесінші мұхиты деп таныды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Картографтардың айтуынша, Антарктида суының өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан оны бөлек мұхит деп санауға болады деген пікірде ғалымдар.
Географтар қауымдастығы бесінші мұхитты бөлу туралы мәселені бұрыннан бері көтеріп келген. Өйткені ол Тынық, Атлант және Үнді мұхиттарынының жалғасы деп есептелген еді.
Енді Оңтүстік мұхит термині Антарктиданы қоршап тұрған және Атлант мұхитының оңтүстігіндегі Дрейк бұғазы мен Скоша теңізін қоспағанда, Оңтүстік ендіктен 60 градусқа дейін орналасқан суларды қамтиды.
Осы уақытқа дейін ғылыми қауымдастық төрт мұхитты анықтаған еді: Атлант, Тынық мұхиты, Үнді және Солтүстік Мұзды.
Табиғат Нұрболат
Фото: wgntv.com