НАТО бас хатшысы Курск аймағында солтүстіккореялық әскерилердің барын растады

153

Хатшы мұндай әрекетті БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарына қайшы деп бағалады.

НАТО бас хатшысы Курск аймағында солтүстіккореялық әскерилердің барын растады Фото: NATO/Flickr

НАТО-ның Бас хатшысы Марк Рютте Ресейдің Курск облысында Солтүстік Корея сарбаздарының болуын ресми түрде растады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Солтүстік Корея әскерлерін орналастыру, біріншіден, КХДР-дің Ресейдің заңсыз соғысына қатысу ниетінің күшеюін; екіншіден, бұл БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын тағы бір мәрте бұзуды; үшіншіден, бұл Ресей соғысының ауқымының қауіпті кеңеюін білдіреді", – деді Марк Рютте.

Рютте 600 мыңнан астам ресейлік сарбаздың ауыр жарақат алып, өлгендіктен, Путин әрі қарай "шетелдік қолдаусыз шабуылын жалғастыра алмайтынын" айтты. Оның пікірінше, Солтүстік Корея әскерлерінің Курск аймағына орналастырылуы Ресей президентінің "үмітінің үзіле бастағанының" белгісі.

"Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы әскери ынтымақтастықты тереңдету Үнді-Тынық мұхиты аймағына, Еуроатлантикалық қауіпсіздікке қауіп төндіреді және Корей түбегіндегі бейбітшілікке нұқсан келтіреді әрі Ресейдің Украинаға қарсы соғысын күшейтеді", – деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу