НАТО берген уәдесін орындамай отыр – Зеленский

255

Солтүстік Атлантикалық альянс Киевке уәде етілген армияны қолдау туралы келісімнің екі тармағын орындамай келеді, деп мәлімдеді Владимир Зеленский Киевте НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен өткен кездесу барысында.

НАТО берген уәдесін орындамай отыр – Зеленский Фото: ТАСС/Zuma; Pixabay

Украина президенті атап өткендей, НАТО мүшелері келісімнің тек бірінші тармағын, яғни қаржылай көмек берумен шектеліп отыр, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Зеленскийдің айтуынша, Украина Қарулы Күштерінің қақтығыстағы жетістігі майдандағы тұрақтандыруға, ел армиясының қабілеттеріне, бастаманы ұстап қалуға және қарсы шабуылдың басталуына байланысты. Зеленский бұл факторлардың барлығын үш тармақтың есебінен жүзеге асыруға болатындығын айтты.

"Менің ойымша, өте күрделі болған бірінші тармақ орындалды. Пакет ұйымдастырылыр, қаржылық қолдау көрсетілді. Бұл дегеніміз, біз қаражат барына сене аламыз", — деді Зеленский. 

Екінші тармақ бойынша — уақтылы жеткізу-жеткізілім "белгілі бір дәрежеде" басталғанымен, қарқыны баяу. Алайда оны жеделдету маңызды, деп атап өтті Украина президенті.

Үшінші тармақ, Зеленскийдің айтуынша, ең маңыздысы. Ол бүгінде Украина нені ала алатыны шешуші мәнге ие екенін атап өтті.

"Және бұл "не" — ең маңыздысы. Мен осы немесе басқа қаруды қолдануға болатын төртінші тармақ туралы айтып отырған жоқпын. Оо бөлек әңгіме. Сондықтан біз серіктестерге ризамыз", — деп қосты Зеленский.

Украина президенті атап өткендей, НАТО мүшелері келісімдердің бірінші тармағын ғана толыққанды орындап отыр, ал қалғандары назардан тыс қалған. 

Осы күннің басында Столтенберг Киевке жарияланбаған сапары кезінде жақында НАТО мүшелері Украинаға уәде етілген қолдауды толық көрсетпегенін мойындап, оның салдарын қазір анық көріп отырғандарын айтты.

Сондықтан альянстың бас хатшысы НАТО әскери комитеті 16 мамырда Брюссельде мүше елдердің қорғаныс министрлері деңгейінде кездесу өткізуге ниетті екенін айтты, онда Украинаға одан әрі қолдау көрсету талқыланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу