НАТО-да Альянс қатысушыларын әскери қақтығыстарға дайындалуға шақырды

570

НАТО-ның әскери қызметтері Ресейдің әрекеттерін бақылап отыр. 

НАТО-да Альянс қатысушыларын әскери қақтығыстарға дайындалуға шақырды Фото: img4.eadaily.com

НАТО әскери комитетінің басшысы адмирал Роб Бауэр 10 мамырда Солтүстік Атлантикалық альянс болуы мүмкін  қақтығыстарға дайын болып, қорғанысты күшейту үшін көбірек қадамдар жасауы керек деді, деп жазады inbusiness.kz.

"Біз қақтығыс кез келген уақытта біздің есігімізді қағуы мүмкін екеніне дайын болуымыз керек", — деді ол Бас Штаб бастықтары деңгейіндегі комитет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында.

Бауэр НАТО-ның әскери қызметтері Ресейдің әрекеттерін бақылап отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, Солтүстік Атлантикалық Альянс қырғи қабақ соғыстан кейінгі алғаш мұндай деңгейде күшейе түсті, бірақ бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу