НАТО елдері Қорғаныс министрлігі басшыларының Украина бойынша отырысы ақпан айының ортасында өтеді

430

НАТО Қорғаныс министрлері мен Украинаға көмек көрсету жөніндегі байланыс тобының отырыстары ақпан айының ортасында Брюссельде өтеді. 

НАТО елдері Қорғаныс министрлігі басшыларының Украина бойынша отырысы ақпан айының ортасында өтеді

Бұл туралы Солтүстік Атлантикалық альянстың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Қорғаныс министрлері НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтерінде 14-15 ақпанда бас хатшы Йенс Столтенбергтің төрағалығымен кездеседі. 14 ақпанда НАТО штаб-пәтерінде АҚШ басшылығымен Украина бойынша байланыс тобының жеке отырысы өтеді", — делінген хабарламада.

Кездесу бағдарламасы кейінірек жарияланады.

АҚШ пен оның одақтастары құрған Украинаны қолдау жөніндегі байланыс тобының соңғы отырысы 20 қаңтарда Германиядағы Рамштейн әуе базасында өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу