НАТО елдері Украинаға шамамен 120 миллиард долларға (112 миллиард еуро) әскери, гуманитарлық және қаржылық көмек көрсетті. Мұндай деректерді Солтүстік Атлантикалық альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг Вашингтонда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен бірлескен баспасөз мәслихатында келтірді, деп жазады inbusiness.kz.
Трансляция американдық Мемлекеттік департаменттің Twitter-де жарияланған.
Столтенберг айтуынша, Ресей соғыс ашқалы НАТО-дағы 30 одақтас Украинаға бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетті. Еуропалық одақтастар мен Канада да көмек көлемін ұлғайтты - олар бірге танктерді, заманауи зениттік-зымырандық кешендерді және басқа да әскери техниканы ұсына отырып, барлық қолдаудың жартысынан көбін көрсетті, деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, Еуропа елдері 5 миллионға жуық украиндық босқындарды қабылдады, бұрын-соңды болмаған санкциялар енгізді және ресейлік газ бен мұнайдан бас тартты, деп жалғастырды Столтенберг. Оның пікірінше, мұндай әрекеттер Еуропа мен Солтүстік Американың ұйымшылдығын көрсетеді.