НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг альянс елдері Украинаға қару-жарақ жеткізуді жалғастыра береді деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Украинадағы соғыс ұзаққа созылмақ.
Столтенберг НАТО одақтастарының осылай істеуі үшін "саяси және моральдық міндеттемелері" бар екенін айтты.
"НАТО одақтастары бұрынғыдай заманауи қару-жарақ жеткізуіміз керек, одақ қолдау көрсетуде маңызды рөл атқаруы қажет", – деді ол.
Ол Украинадағы соғыстың іс жүзінде 2014 жылы, яғни Ресей Қырымды "аннексиялап", Украинаның шығысындағы содырларды қолдаған кезде басталғанын атап өтті.
Еске сала кетсек, 28-30 маусым аралығында Мадридте НАТО-ның кезекті саммиті өтеді. Украина Президенті Владимир Зеленский жиынға онлайн режимде қатысады.
Табиғат Нұрболат