НАТО елдерінің басшылары Украина төңірегіндегі жағдайды талқылады

1293

Жиынға бірқатар елдің басшылары қатысты.

НАТО елдерінің басшылары Украина төңірегіндегі жағдайды талқылады

НАТО елдерінің басшылары Украинадағы жағдай ушыққан жағдайда Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін енгізетінін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz The Independent газетіне сілтеме жасап.

НАТО ұйымдастырған виртуалды кездесуге Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден, Франция басшысы Эммануэль Макрон, Германия канцлері Олаф Шольц, Польша президенті Анджей Дуда, Италияның министрлер кеңесінің төрағасы Марио Драги, Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен және НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг қатысты.

"Жиынған қатысқан көшбасшылар егер Ресей Украинаға басып кірсе, одақтастар жедел шаралар қабылдайды: Ресейге қарсы ірі санкциялар пакетін жариялайды", – деп жазылған Ұлыбритания премьер-министрінің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Батыс елдерінің БАҚ өкілдері мен билігі Ресей Украинаға басып кіруге дайындалып жатқанын бірнеше рет хабарлады. АҚШ пен Германия билігі Ресей Украинамен арадағы шекарасына 100 мыңнан астам әскериін орналастырды дәп мәлімдеді. Вашингтонның айтуынша, шабуыл кез-келген уақытта басталуы мүмкін.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу