НАТО елдерінің авиациясы Эстониядағы Siil 2022 ірі әскери оқу-жаттығуларға қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz республиканың Қорғаныс Күштері Бас штабының хабарламасына сілтеме жасап.
"Оқу-жаттығуға Франция, Бельгия, Ұлыбритания, АҚШ, Польша, Литва, Чехия және Испания әуе күштерінің ұшақтары, сондай-ақ Эстония әуе күштерінің ұшақтары мен тікұшақтары қатысады", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.
Маневрлерге Эстонияның L-39 оқу-жаттығу ұшақтары, сондай-ақ M28 көлік ұшақтары, Францияның Mirage M-2000, F-16 бельгиялық әуе күштері, Eurofighter Typhoon жойғыштары және британиялық әуе күштерінің AW159 Wildcat тікұшағы, америкалық Thunderbolt II және AV-8B Harrier II, MV-22 Osprey ұшақтары жұмылдырылады.
Siil 2022 ірі әскери жаттығулары Эстонияда 16 мамырдан 3 маусымға дейін өтеді. Оның мақсаты – жауынгерлік дайындықты тексеру және халықаралық өзара іс-қимылды бағалау. Шамамен 15 мың әскери қатысады.
Табиғат Нұрболат
Фото: nato.int