Финляндияда Лапландиядағы Роваярви полигонында екі ірі әскери жаттығулар сериясы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфакс-қа сілтеме жасап.
Дүйсенбіде басталған Lightning Strike 23 жаттығуларына және екі аптадан кейін басталатын Northern Forest 23 әскери оқу-жаттығу шарасына 8 мыңға жуық әскери қызметші қатысады, оның ішінде мыңнан астамы – АҚШ, Ұлыбритания, Швеция мен Норвегиядан келген әскери қызметкерлер.
Қорғаныс күштерінің құрлық әскерлерінен басқа, жаттығуларға Финляндияның әуе күштері мен шекара күзеті күштерінің әскери қызметшілері қатысады.
Шетелдік әскери қызметшілердің қару-жарағына қатысты айтар болсақ, оқу-жаттығу барысында британиялық Warrior мен швед CV90 жаяу әскерінің жауынгерлік машиналары, сондай-ақ америкалық MLRS реактивті ұшыру жүйелері қолданылады.
4 сәуірде Финляндия ресми түрде НАТО-ға кірді.