Бүгін НАТО-ның Қорғаныс министрлері Киевке қару-жарақ пен алыс қашықтықтағы артиллерия жіберетінін мәлімдейді, деп хабарлайды inbusiness.kz Йенс Столтенбергтің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
НАТО украин армиясын посткеңестік қару-жарақтан альянстың қаруына ауыстыруды жоспарлап отыр.
Еске сала кетсек, 28 және 30 маусым аралығында Мадрид қаласында НАТО-ның саммиті өтеді. Оған Украина, Финляндия, Швеция елдері шақырылды.
Жиынға 30 мемлекеттің басшысы келеді. Олардың қатарында Жапония, Австралия, Австрия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея, Финляндия, Ирландия, Кипр, Мальта және Швеция басшылары бар. Сонымен қатар саммитте Еуропалық институттардың басшылары да қатысады.
Табиғат Нұрболат