НАТО 2020 жылғы Нобель сыйлығына ұсынылды. Бұл Норвег парламентінің депутаттары Эрленд Ларсен пен Хорек Эльвенестің бастамасы, деп хабарлайды Atameken Business.
Олардың айтуынша, 2019 жылы НАТО-ның құрылғанына 75 жыл толған. Ол Батыс Еуропаның қазіргі тарихындағы ең ұзақ кезең және Солтүстік Атлант Альянсы осы жылдар бойы Еуропада бейбітшілікті қамтамасыз етіп келеді.
Еске сала кетейік, Норвегия – 1949 жылы құрылған сәттен бастап Альянсқа кірген он екі елдің бірі. Бүгінгі таңда НАТО-ға Еуропа мен Солтүстік Америкадан 29 ел кіреді, ал Альянстың бас хатшысы – 2014 жылдан бастап белгілі норвег саясаткері, бұрынғы премьер-министр Йенс Столтенберг.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу