Йенс Столтенберг 2023 жылдың қыркүйек айының соңында НАТО-ның бас хатшысы қызметін аяқтайды, оның орынына Метте Фредериксеннің кандидатурасы қарастырылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz "Политико" газетіне сілтеме жасай отырып.
"Оның кандидатурасын бірнеше ірі одақтастар шындап қарастырып жатыр", - деді Альянс ішіндегі бас хатшы лауазымына кандидатураны талқылау барысымен таныс дипломат басылымға.
Оның сөздерін Батыс Еуропа елінен келген тағы бір аты аталмаған дипломат растап, Фредериксен бұл лауазымға ең лайықты үміткер екенін жасырмады.
"Мен Фредериксеннің өте сауатты екенін естідім. Дания сенімді одақтас екеніне де ешкім күмән келтіре алмайды", - делінген газет материалында.
"Политико" мәліметтері бойынша, Дания премьер-министрі үміткер ретінде бірден бірнеше параметрлерге сәйкес келеді. Біріншіден, одақтастар бұл лауазымға өз елінде үкімет басшысы қызметін атқарған не басқа да жоғары лауазымды саясаткерді іздейді. Сондай-ақ, гендерлік теңдік тенденциясы заманында Альянстың мұндай шешімін көпшілік құптайтыны сөзсіз.