Құжатқа Украинаны қоса алғанда 24 елдің президенттері мен премьерлері, сондай-ақ Еуропалық Одақ басшылары қол қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Еурокомиссияның сайтында айтылғандай, келісімге АҚШ, Бельгия, Канада, Дания, Эстония, Финляндия, Франция қол қойды. Сонымен қатар, Германия, Исландия, Италия, Жапония, Латвия, Литва, Люксембург, Нидерланды бар.
Өз қолтаңбаларын Норвегия, Польша, Португалия, Испания, Швеция және Ұлыбритания, Еуро кеңесі, Еурокомиссия басшылары қойды. Сол тізімде барлық қол қоюшылардың ішінен Альянсқа кірмейтін жалғыз ел Жапония бар.
НАТО мемлекеттері арасында құжатқа Албания, Болгария, Венгрия, Греция, Солтүстік Македония, Румыния, Словакия, Түркия, Хорватия, Черногория қол қойған жоқ.
Келісім шеңберінде тараптар Киевке "қорғаныс және қауіпсіздік, әскери даярлау, армияны жаңғырту саласында" қолдау көрсетуге міндеттенеді. Сондай-ақ, тараптар болашақта Украина Қарулы Күштеріне (УҚК) қорғаныс мүмкіндіктерін жоғары деңгейде ұстауға көмектесуді жоспарлап отыр.